Жаңалықтар

Қызылордада оқушыны жезөкшелікпен айналысуға тартқан тағы бір күдікті сотталды

istockphoto.com

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

Қызылорда қалалық сотында кәмелетке толмаған жасөсіріпірмді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны:

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы:

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті.

Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы  2-бөлігі  2),3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.

Сот шешімімен:

ҚК-нің аталған  бабының санкциясы 3 жылдан 7  жылға дейін бас бостандығынан айыру  жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.

ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің  2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған  және  ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып,  4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.