2024 жылы әлемдік мінберлерде Қазақстан көтерген 10 бастама
Биыл Қазақстан бірден 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті, одан бөлек «орта держава» мәртебесін нықтады, бітімгершілік бастамалары туралы да айтпай кету мүмкін емес. Бұл, сондай-ақ еліміздің маңызды жаһандық мәселелерге қатысты өз көзқарасын, олардың шешімін табуға жәрдемдесе алатындай әлеуетін танытады.
Солардың ең негізгісіне тоқталып, шолу жасап өтейік.
«Орта державалардың» уақыты келдіБиылғы мамырда Euronews-ке берген сұхбатында Мемлекет басшысы «Орта державаларды» белсенді әрекет етуге шақырып, дүние жүзіндегі шиеленіскен жағдайды реттеуге осы орта күштердің әлеуеті зор деген пікірін жеткізді. Президент Тоқаев халықаралық алаңдарда сөйлеген сөзінде Қазақстанның "орта держава" екенін жиі айтады.
Бітімгерліктің алаңы2024 жылы Қазақстан Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік шарты бойынша келіссөздер жүргізу үшін Алматыда алаң ұсынды. Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың тарихы тереңде жатыр. 2024 жылы Қазақстан бұл қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесу үшін нақты қадамдар жасады.
Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлікПрезидент Біріккен Ұлттар Ұйымының 80, сондай-ақ ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына қарай «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды.
БҰҰ Бас Ассамблеясындағы бастамаларБҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Президент Тоқаев көпжақты ынтымақтастықтың маңызына тоқталып, жаһандық қауіпсіздікке қатысты жаңа көзқарасын жеткізді. Соның ішінде Әскери саладағы сенім шаралары туралы келісімді әзірлеп, қабылдауды ұсынды.
Алматы – орнықты даму мақсаттарының орталығыПрезидент Алматыда БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары орталығын ашуды ұсынды, бұл Қазақстанның жаһандық бастамаларда белсенді екенін көрсетеді.
Киберқауіп – жаңа сын-қатерПрезидент ШЫҰ елдеріндегі ақпараттық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін ұдайы ақпарат алмасуға, үздік тәсілдер мен озық тәжірибелерді қолдануға бағытталған арнайы механизм әзірлеуді ұсынды.
Ортақ инвестициялық алаңШЫҰ аясында Экономикалық жеңілдіктер базасын құру туралы Қазақстанның ұсынысы өз күшінде қалды. Президент инвестициялық жобаларды талқылап, бекіту үшін бірыңғай алаң құру қажет екенін жеткізді.
Бастысы – бейбітшілікШілде айында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Тоқаев Қазақстанның бейбіт күш-жігерді қолдауға қатысты ұстанымын растады.
Ядролық қарудан азат әлем құруҚазақстан биыл да ядролық қарудан азат әлем құру бағытында ғаламдық декларацияны әзірлеуге белсене атсалысты.
One Water Summit: жаңа жаһандық зерттеу орталығы қажетБҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан Франциямен бірлесіп жаһандық су проблемаларын шешуге бағытталған "One Water Summit" халықаралық форумын ұйымдастырды. Форумда Қасым-Жомарт Тоқаев мұздықтарды зерттеу және қорғау үшін жаһандық зерттеу орталықтарын біріктіретін серіктестік құруды ұсынды.