Қоғам

Алматыда 20 жастағы жігітті жол бойында пышақтап кеткен

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Желіде Алматыдағы Алатау даңғылының бойында әлдекімдердің ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желі қолданушылары Наурызбай ауданындағы Алатау даңғылының бойында полиция көліктерінің жиналып, кептеліс пайда болғанын жазған. Ал 2GIS картасындағы пікірлерде жол бойында әлдекімдердің жас жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені жазылған. 

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады

“Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді”, – делінген хабарламада.