Астанада полиция қызметкері 9-қабаттан құлап кеткен

24 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Елордада полицей қыз биіктен құлап, қаза тапты.

Жас келіншек тұрғын үйдің тоғызыншы қабатының терезесінен құлаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz. сайтының жаузынша, марқұм жергілікті полиция бөлімінде жұмыс істеген.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

«Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Мәліметтер анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Әзірге өзге ақпараттар жарияланбайды.

Тэгтер:

Полиция Астана