Атырауда жоғалып кеткен 11 жастағы бала шатырда түнеген

24 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Сүт әкелуге кетіп, жоғалып кеткен оқушы табылды.

Бірнеше күн бойы іздестірілген оқушы табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Атырау облыстық Полиция департаменті жоғалғанын баланың табылғанын растады.

– Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, ол шатырда түнеген, – деп жазылған ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатқаны жайлы жазған едік.

 

 

Тэгтер:

Атырау оқушы атыраулық