Отшашуды талапқа сай қолданбағандарға қанша айыппұл салынады?
Отшашулар тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта, ашық әрі бос аймақтарда қолданылуы тиіс.
Пиротехниканы дұрыс қолданбаған немесе тұрғындардың тыныштығын бұзған жағдайда 20 АЕК немесе 73 840 теңге (2025 жылы – 78 640 теңге) көлемінде айыппұл төленеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Бұл туралы Алматы коммуникациялар қызметінің брифингінде полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ескертті.
Мамандардың айтуынша, отшашулар тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта, ашық әрі бос аймақтарда қолданылуы тиіс. Сондай-ақ жақын маңда ағаштар, электр желілері және басқа да кедергілер болмауы керек.