Теміртас Жүсіпов бокстан 8 дүркін Қазақстан чемпионы атанды

24 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
ҰОК
Ол 48 келі салмақта Нұрзат Оңғаровтан (Жамбыл облысы) басым түсті.

36 жастағы боксшы Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды.

Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының 48 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Теміртас Жүсіпов Жамбыл облысының боксшысы Нұрзат Оңғаровпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Теміртас Жүсіпов Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы атанды.

Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған. Ол екі мәрте Азия чемпионатының (2013, 2019) алтын медалін алған. Теміртас Жүсіпов бұған дейін Қазақстан чемпионатын 7 мәрте жеңіп алған. 

Тэгтер:

бокс Қазақстан чемпионы 2024