Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай ел чемпионы атанды

24 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
коллаж: Тurkystan.kz

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай финалдық жекпе-жексіз ел чемпионы атанды. 

 67 келіде Санатәлі Төлтаевтың (Маңғыстау облысы) жарақатына байланысты финалдық жекпе жек өтпей, қарсыласы Түркістан облысынан келген боксшы Төрехан Сабырхан чемпион атанды.

Сондай-ақ 48 келіде Ақбота Болат (Қызылорда облысы) жарақатына байланысты ақтық сынға өте алмады да, қарсыласы Назым Қызайбай ел чемпионы болды.

Тэгтер:

бокс Назым Қызайбай Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионаты