Қарағандыда туристік компанияның басшысы сотталды
ЖШС директоры олардың 24 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған.
Сенімге қиянат жасап, олармен туристік қызмет көрсетуге шарт жасасып, міндеттемелерді орындау ниеті жоқ екенін біле тұра, жақын және алыс шетелдерге сапарға шығуға жолдама сатқан.
ЖШС директоры олардың 24 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған.
Прокурор сотталушыны 6 жылға бас бостандығынан, 5 жылға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұрады.
Қарағанды қаласы, Қазыбекби аудандық соты алаяқтық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарап, асырауында қарт ата-анасының болуын және бұрын соттылығының жоқтығын мойындады, ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сотталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан, 3 жылға туристік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.