Белоруссия халқы Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп, митингке шықты

Белоруссия халқы Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп, митингке шықты

Белоруссия халқы Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп, митингке шықты
ашық дереккөзі

Белоруссияда президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуін талап еткен мыңдаған адам митингке шықты деп хабарлайды 31 арна.

Елдің жаппай наразылық білдіруіне халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеп кетуі және президенттің жұмыс істемейтіндерге салық салуы себеп болған. Наразылық шарасы бейбіт өткеніне қарамастан полицейлер жиналғандарды аяусыз ұрып-соқты. Қазір қамауға алынғандардың саны жүздеген адамға жетті.

Минсктің орталық алаңына жиналғандар наразылығын жеткізгісі келді. Алайда, халықтың уәжін тыңдайтын бірде бір ресми билік өкілі табылған жоқ. Керісінше митингтің өтуіне рұқсат берілмеді деген тәртіп сақшылары, жиналғандарға күш көрсетіп, жас демей, кәрі демей адамдарды тұтқындай бастаған. Тіпті, орталық алаңға әскери әрі суатқыш техника да келіп жеткен.