Жаңалықтар

Алматыда ескі жылу құбыры жарылды

видеодан алынған скрин

Жылу құбыры 1984 жылы орналастырылған.

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылында жылу құбыры жарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Салдарынан қаладағы Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің бойы мен Самал 1, 2, 3 ықшам ауданында орналасқан үйлер мен ғимараттар жылусыз қалған. 

Әкімдік құбырды 25 желтоқсан сағат 01:00-ге дейін жөндеп беруге уәде берді. 

«Естеріңізге сала кетейік, егер төтенше жағдай болса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетіңізше әрекет етпеуіңізді және төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109», — делінген әкімдік хабарламасында. 

Құбырдағы ақауды жедел жою үшін «АЛЖЖ» ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі жұмыс істеп жатыр.