Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Қаржаубай Нұрымовтың бостандыққа қашан шығатыны айтылды.
Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары түсірген видео тарады.
"Біз бүгін Қаржаубай Нұрымовтың хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Уақытша ұстау изоляторында көріп, қолын ұстап, амандасып шықтық. Бәрі дұрыс. Дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ бәрін беріп жатыр, жылы жерде отыр. 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады. Соны хабарлағымыз келген", – деді адвокаттар.
Еске салсақ, ол бұған дейін 15 тәулікке қамауға алынған еді.