Продюсер, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызының шетелде оқитын ұлы Сағадат Қазақстанға демалысқа келді, деп хабарлады turkystan.kz.
“Бүгін төр сенікі, балам! Үш ай жырақта жүріп, есейгені кәдімгідей байқалады. Екінші – Қайрат. Әкесінен дарыған мінезі ме деп қоямын, 17 шаршы метр жатақханасының бөлмесін айнадай қылып, тамағын өзі дайындап, таза киініп жүргені ұқсайды. Бастысы – адам болсын, адал болсын! Сағадат оқудан демалысқа келіп, көзайым болып жатқан жайымыз бар”, – деп жазды журналист.
Еске салсақ, Ләйлә Сұлтанқызының 47 жасқа толған туған күнін Парижде атап өткені туралы жазған едік.