Ақмола облысында ондаған асхана рұқсатсыз жұмыс істеген
Субъектілер жарты жыл сайын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өндірістік бақылау туралы есеп беріп отыруы керек.
Ақмола облысында 259 қоғамдық тамақтану орыны бар. Оның 66-сының рұқсат қағазы жоқ болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz
Мұндай объектілер Көкшетау қаласында – 20, Бурабай ауданында – 14, Целиноград ауданында – 8, Шортанды ауданында – 7, Бұланды ауданында – 6, Қосшы қаласында – 5. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитары Айнагүл Мусина мәлімдеді.
«Тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар бойынша Кәсіпкерлік кодекстің 136-бабына сәйкес жұмысына тыйым салу, қызметін тоқтату, тәркілеу сияқты шаралар қолданылып жатыр. Кәсіпкерлік субъектілері адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптарды сақтауы қажет», - деді Айнагүл Мусина.
Субъектілер жарты жыл сайын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өндірістік бақылау туралы есеп беріп отыруы керек. 873 қоғамдық тамақтану объектісінің бар болғаны 475-і өндірістік бақылау ұйымдастырған.