Жаңалықтар

Сауда биржасында доллар бағамы түсті

istockphoto.com

Ұлттық банктің 23 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 523,86 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 523,72 теңгені құрады, деп жазады turkystan.kz.

Ұлттық банктің 23 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 523,86 теңге.

Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 527,62 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 529,57 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 17 желтоқсанда орташа доллар бағамы 1,86 теңгеге өсіп, 18 желтоқсанда 1,97 теңгеге түсіп, 19 желтоқсанда 1,44 теңгеге өсіп, 20 желтоқсанда 0,14 теңгеге түскен болатын.