Астанадағы 20 мектеп жылыжайда жеміс пен көкөніс өсіреді
Лимон ағашымен қатар жылыжайда қияр, қызанақ көкөністері, аскөк, құлпынай мен жидектер және жалбыз да өсіріледі. Жоба жетекшілері оқушылармен бірге бос уақытын пайдалана отырып, өсімдіктерге күтім жасайды. Жалпы, Астана қаласында 19 мектеп пен 1 колледжде, атап айтқанда №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 және Сервис және туризм колледжінде Б.Өтемұратов қорының қолдауымен жылыжай ашылған. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген маңызды іс-шара жүргізілуде. 1-11-сынып оқушылары жасыл экология мәселелеріне белсенді қатысып, табиғатты сақтап, оны қорғау үшін түрлі жоба мен бастаманы жүзеге асыруда. «Таза аула», «Жасыл Қазақстан» және «Жерімізді сақтайық» сияқты Табиғатты қорғау экологиялық акциялары аясында оқушылар мектеп ауласында ағаш отырғызып, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарын жүргізеді. Табиғатқа саяхат бойынша олар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйреніп, экологиялық тақырыптарға арналған экскурсияларға қатысады. Жасыл жобалар мен стартаптар бойынша оқушылар мектеп ішінде және сыртында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған шығармашылық жұмыстар мен жобалар әзірлейді. Экологиялық білім беру сабақтары негізінде мектепте экологияны түсіндіруге арналған арнайы сабақтар, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Бұл сабақтар оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын және экологиялық өмір салтының қажеттілігін түсіндіруге бағытталған. Қаладағы жиырма мектепте қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау мақсатында жаңа қоқыс жәшіктері қойылды. Олар мектептің әр қабатында және әртүрлі орындарда орналасқан. Қоқыс жәшіктері органикалық және қайта өңделетін материалдарды бөлек жинауға арналған. Барлық оқушы мен қызметкер осы жаңа жүйеге жауапкершілікпен қарап, қоқыстарды дұрыс салатын болады. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін ояту. Мектептердегі экологиялық жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар табиғат-қа деген құрметті арттырып, жасыл экономика мен тұрақты даму принциптерін меңгерту.
А.Бименді