БҚО тұрғыны тауып алған картадағы 400 мың теңгені жұмсап жіберген
Азық-түлік, спирттік ішімдік, тіпті келіншегіне гүл де алған.
Ақсай қаласының азаматшасы банк картасын жоғалтып алған. Бірақ картасының жоғалғанын өзі білмеген. Ол картаны тауып алған азамат ішіндегі 400 мың теңгеден астам қаражатты жұмсап жіберген. Азық-түлік, спирттік ішімдік, тіпті келіншегіне гүл де алған.
Полиция күдіктіні анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Картасын жоғалтқан әйел картасын жоғалтқанын білмеген. Себебі картасын пайдаланбаған. Ақшасының жұмсалып кеткенін бір ай өткеннен кейін банк қосымшасынан көрген», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары абай болуға шақырады. Банк картасын жоғалтқан жағдайда дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттау қажет екенін ескертеді.