Қоғам

Семейде шырша орнатуға көмектескен мұғалім жарақат алды

primeminister.kz

Министр тексерістің әділ жүргізілуін талап етті

Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тарту туралы ойын айтты.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Министр тексерістің әділ жүргізілуін талап етті. 

«Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін», – деді Бейсембаев.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жарақат алған мұғалімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.