Қоғам

Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Қойбағар көлі жанында екі адам жеңіл көлікпен қарлы боранда тұрып қалған

Қостанай облысында Қарасу ауылы маңында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды.

Қойбағар көлі жанында екі адам жеңіл көлікпен қарлы боранда тұрып қалған.

Көмек туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылардың кезекші тобы дереу оқиға орнына шықты. Арнайы техниканың көмегімен көлікті қар құрсауынан шығарып, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткіздік. Медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады ведомство.