Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

22 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
Видеодан алынған кадр
Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды

Алматының Алатау ауданында кеше кешкісін жол қозғалысы ережесі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу тіркелді.

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыны құрықтап, ұсақ бұзақылық, апаттық жағдай туғызғаны және, сақтандыру полисінің жоқтығы үшін жауапкершілікке тартты.

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 20 жастағы құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Тэгтер:

Алматы