Мемлекет басшысы Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жіберді

21 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Тэгтер:

Германия көңіл айту