«Қорқыныш бар»: Әнші Маржан Арапбаева құпиясы туралы айтты
Әнші Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасына сұхбат берді
Танымал әнші Маржан Арапбаева "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында осы уақытқа дейін жеке ән кешін ұйымдастырудан қорқып жүргені туралы айтты.
"Бұл сұрақты өз-өзіме қойған кезде ұялып кетемін. Шынымды айтайын, осы жерде құпиямды ашқым келеді. Неліктен мен осы уақытқа дейін жеке ән кешімді бермеймін? Жасыратыны жоқ, қорқыныш бар. Кәдімгідей қорқыныш бар. Қандай әндер айтамын, қалай болады, онша емес өтсе ше деген сұрақтар мазалайды. Ал қазір мен жеке ән кешімді ұйымдастыруға 100 пайыз дайынмын, еш нәрседен қорықпаймын. Оған қоса, мен сценарий бойынша жұмыс істегенді ұнатпаймын, бәрі суырыпсалмамен болғанын қалаймын. Енді жеке ән кешімді 2025 жылы беремін деп отырмын", - деді әнші.