Жалғас Жұмағұлов кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

21 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
UFC
Бұл жеңіс Жалғас Жұмағұловтың кәсіби бокс мансабындағы алғашқы табысы

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Астанада өткен Fight Nights Boxing бокс кешінде алғашқы кәсіби жекпе-жегін сәтті өткізіп, жеңіске жетті. 

Sports.kz мәліметінше, Жұмағұлов кәсіпқой бокс ережесі бойынша норвегиялық Раванд Оубамен (1-0, 0 КО) кездесіп, төрт раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіс Жалғас Жұмағұловтың кәсіби бокс мансабындағы алғашқы табысы болса, Раванд Оуба үшін алғашқы жеңіліс болды.

Тэгтер:

Жалғас Жұмағұлов