Жапон мафиясы заңсыз табысты жасыру үшін "Покемон" карталарын пайдаланған
Жапон мафиясы заңсыз табысты жасырудың жаңа әдісін тапты. Олар «Покемон» карталары арқылы ақша аударып, жасырып келген.
Схема өте қарапайым: 1. Мафия мүшелері сирек кездесетін карталарды заңсыз иемденген ақшаға сатып алады. 2. Бұл карталарды шекара арқылы алып өту оңай, себебі оларды тексеру кезінде арнайы бақылауға алынбайды. 3. Шетелде карталар жанкүйерлерге ондаған мың доллар ақшаға сатылады.
Бұл ерекше әдіс заңсыз әрекетті жасыру мен ақшаны айналымға енгізудің тиімді құралына айналғаны анықталды.
Pokémon TCG – стратегиялық карта ойыны. Ойыншылар покемондарын пайдаланып, қарсыластың шабуылдарына төтеп беріп, жеңіске жетуге тырысады. Кейбір карталар қарапайым, ал басқалары сирек кездесетін, коллекциялық және шектеулі басылым түрінде шығарылады. Ерекше бағаланатындары – фольгадан жасалған карталар, олар коллекционерлер арасында жоғары сұранысқа ие.