Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

20 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
gov.kz
Сайлауда «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан сайлауға түскен Марат Омаров 34 дауыспен алға шықты.

Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

20 желтоқсанда ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы өтті, бұл жиында федерацияның жаңа басшысы анықталды.

ҚФФ президенттігіне үміткерлердің тізімі:

Ал бұған дейін ҚФФ президенттігіне өтінім берген Мағау Наргис Ерланқызы, Жамантаев Ерлан Айтпайұлы және Лория Давид Григорьевич сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты.

Кезектен тыс XXVII конференциясының нәтижесі бойынша «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан сайлауға түскен Омаров Марат Талғатұлы 34 дауыспен алға шығып, Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды.

Айта кетейік, ҚФФ-ны бұған дейін Әділет Назарбайұлы Барменқұлов басқарған. Ол бұл қызметте 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың қарашасына дейін отырды.

Тэгтер:

Президенті футбол федерациясы