Петропавлда үш жастағы баланың көзіне пышақ кіріп кетті
Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен.
Төтенше жағдай 19 желтоқсанда болған. Сағат 14:05-те облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 3 жасар бала жедел жәрдеммен түсті. Сол жақ көз ұясы жараланған
Анасының айтуынша, бала ас үйдегі орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен. Әйел көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған.
Жедел жәрдем бөлмесінде бала реаниматологқа қаралып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Реанимациялық шаралар дереу басталып, сәтті өтті, жүрек-өкпе қызметі қалпына келтірілді, инотропты қолдаумен гемодинамика бақыланады. Дереу барлық қажетті дәрігерлердің, соның ішінде нейрохирург пен офтальмологтың кеңесі шақырылды», – дейді дәрігерлер.
Нәрестеде ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми контузиясы, көзінде пышақ жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Полиция қызметкерлері баланың жарақат алу фактісі бойынша мән-жайды анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл дерек Петропавл қалалық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бала үй жағдайындағы жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алған.