Сирияда қанша қазақ тұратыны белгілі болды

19 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: www.istockphoto.com
Бұл жайында Сенатта өткен брифингте айтылды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирияда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының санын жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қателеспесем, аталған елде 33-тен астам азамат бар. Біз олармен үнемі байланыстамыз», — деді вице-министр Сенатта өткен брифингте.

Сондай-ақ ол Таяу Шығыстан эвакуацияланған отандастарымыз туралы да мәлімет айтты.

«Біз Газа секторынан 129 адамды, Ливаннан эвакуациялау кезінде 69 адамды елге қайтардық», — деді Әлібек Бақаев.

Айта кетейік, бұған дейін Сирияның уақытша премьер-министрі тағайындалғаны туралы жазған едік.

Тэгтер:

Сирия Қазақ