Жаңалықтар

Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың жазасы жеңілдеуі мүмкін

istockphoto.com

Қазақстанда 4 мыңға жуық адам есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сағат Мәдиев Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Қазіргі таңда «есірткі көмгені» үшін сотталғандардың бір бөлігіне тағайындалған жаза қайта қаралуы мүмкін. Нақты айтқанда 1000-нан астам тұлға мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады. Олардың құқықтары жазаны өтеу мекемелері арқылы ұсынымхат рәсімдеу арқылы немесе адвокат арқылы қорғалады. Әр жағдайды сот жеке қарады. Осылайша сотталғандар жазаны жеңілдету құқығына ие болады», - деді вице-министр.

Қазақстанда 4 мыңға жуық адам есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған. Олардың арасында шамамен 1220 адам есірткі көмегін үшін жаза арқалаған. Бұл көбінесе курьерлер мен есірткі көмушілер.