Алматыда полиция 365 келі пиротехника тәркіледі
19 желтоқсандағы жағдай бойынша пиротехникалық өнімдердің 141 қорабы және бірнеше рет атылатын «VIP Салют» отшашуларының 125 данасы тәркіленді.
Алматы қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Серікұлының айтуынша, қалада «Пиротехника» операциясы жүргізіліп жатыр.
– Қала аумағында 145 мобильді топ жұмыс істейді. Біздің міндетіміз — қауіпті өнімдерді сатудың алдын алу және әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жарақат алу қаупін болдырмау, — деді Тимур Серікұлы.
19 желтоқсандағы жағдай бойынша пиротехникалық өнімдердің 141 қорабы және бірнеше рет атылатын «VIP Салют» отшашуларының 125 данасы тәркіленді.
– Пиротехниканы заңсыз сатудың 22 фактісі анықталды. Тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 365 келі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады,– деп атап өтті полиция өкілі.