Аягөзде трансформатор өртенді

19 желтоқсан, 2024 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ
Өрттен зардап шеккендер жоқ

Абай облысының өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Аягөз қаласындағы Қабанбай көшесі бойындағы жеке тұрған трансформатордан өрт шыққан.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей толығымен сөндірілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

өрт Аягөз өрт сөндіру