Ресейде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Пойызда барлығы 326 жолаушы болған.
Ресей Федерациясының Мурманск облысында екі қабатты жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысып, рельстен шығып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Ковда станциясының маңында болған. Пойыздардың соқтығысуы салдарынан 17 адам зардап шеккен.
«Пойыздардың соқтығысуы және рельстен шығып кетуі салдарынан 17 адам жарақат алды, оның ішінде үш бала бар. Бір әйел қайтыс болды. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды, тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілуде. Екі адамның жағдайы ауыр», - деді ТАСС агенттігіне сұхбат берген медицина маманы.