Жамбыл облысында жер сілкінді
Жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6.
Бүгін Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жедел ақпаратқа сәйкес, 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 18:11-де (GMT 13:23) Тараздан батысқа қарай шамамен 108 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 3,6. Энергетикалық класс - 8,5. Тереңдігі – 8 шақырым.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.