Жаңалықтар

Екі облыста жолдар жабылды

Сурет: www.istockphoto.com

Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облысындағы республикалық жолдардың учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz порталы.

Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі («Экоойл» жанармай стансасы - РФ шекарасы);

«Самара-Шымкент» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысындағы «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).

Компания жолды 2024 жылғы 19 желтоқсан сағат 06:00-да ашу жоспарланғанын ескертті.