«Астана» мен «Оқжетпес» футболшылары қайда жаттығарын білмей дал

«Астана» мен «Оқжетпес» футболшылары қайда жаттығарын білмей дал

«Астана» мен «Оқжетпес» футболшылары қайда жаттығарын білмей дал
ашық дереккөзі
Астанадағы «Астана-Арена» стадионы мамыр айына дейін жабылады.  Стадион әкімшілігі алаңның жасанды желегін ауыстыруды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Енді футболшылар чемпионаттағы ойындарын қайда өткізетінін білмей дал. «Бәрінен де маусым енді басталғанда жабылғаны қызық болды. Қазір «Астана» футбол клубының ғана емес, «Оқжетпес» басшылығының да бастары қатып жүр. Олар да өздерінің алдағы үш-төрт турын осында өткізбек болған. Енді басқа алаңдарды жағалап, «тау кезіп» кетті. Көкшетаудағы «Оқжетпес» стадионы әлі дайын емес. Желегі табиғи болғандықтан жылдың бұл мезгілінде ол алаңда доп тебе алмайсың. Щучинскідегі «Жақсы» стадионы да жақсы болмай тұр. Әйтпесе, «Оқжетпес» өз алаңындағы ойынын өткізу үшін Астанаға келер ме еді?! Дәл сондай жағдайды қазір «Астана» командасы да бастан кешіп жатыр. Рас, әзірге «Астана» футболшылары жаттығуларын «Астана-Аренада» өткізіп жүр. Стадионды жаппай қоя тұратын шығар деген үміттері де бар», - деп жазады Астана футбол федерациясының тілшісі Әзиз Жұмаділ. Мәлім болғандай, стадион әкімшілігі алаңның жасыл желегін еурокубок ойындары басталғанша ауыстырып тастауға ниетті. Премьер-лига кестесі бойынша «Астана» келесі турда Қарағандының «Шахтерін» қабылдауы тиіс. Ал «Оқжетпес» өз алаңындағы келесі ойынын 5-турда Павлодардың «Ертісіне» қарсы өткізеді. «Бізге жеткен бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, қазір «Астана» басшылығы «Шахтердегі» әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, осы турды қонақта, яғни қарағандылықтар қабылдайтындай мәселені қарастырып жатқан көрінеді», - дейді ол. Айта кетейік, елордада футбол матчтарын өткізуге болатын «Астана-Аренадан» бөлек тағы үш стадион бар: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион, «Тарлан-Арена» (бұрынғы «Автомобилист» - авт) және Мичурино елдімекеніндегі оқу-жаттығу базасы. Бірақ, бұл алаңдар Премьер-лига ойындарын өткізе алар ма екен? «Егер Қажымұқан стадионының алаңы табиғи емес, жасанды желек болғанда ерте көктемге қарамастан ойындар өткізе беруге болар еді. Алайда, алаңнан бөлек, қазір Қажымұқан стадионында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен секілді. Батыс жағы қаңылтырмен қоршалып тасталған. Сәйкесінше, стадионға кіру былай тұрсын, маңында жүрудің өзі қауіпті. "Тарлан-Арена" стадионында автотұрақ кішкентай Стадион ойындарды өзінде қабылдауға дайын. Қазір алаң жиегі омбы қар. Бірақ, егер расымен де кездесулер осындай өтер болса, күреп тастау бір күннің жұмысы. «Астана-Арена» жабылған сәттен бастап-ақ «Астана» футболшылары жаттығуларын осындай өткізе бастайды деген әңгімелерді естіп жатырмыз. Дегенмен, бұл алаң да Премьер-лига клубтарының сертификациясынан өтпей қалуы мүмкін. Өйткені, алаң өлшемі, трибуна, киім ауыстыру бөлмелерінің барлығы минимум талаптарға жауап бергенімен, автотұрағы жоқ. Рас, 20 көлік, екі автобусқа жететін орын бар. Мичурино елді мекеніндегі оқу-жаттығу базасы Басқа стадиондармен салыстыруға келмес, бірақ мұнда кейде Қазақстан ұлттық құрамасы да өзінің оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Премьер-лига ойындары өтпеген. Бірақ кезінде Бірінші лига және қосалқы құрам арасындағы турнирлерді де өткізген. Киім ауыстыру бөлмелері, төрешілер бөлмелері, автотұрақ - бәрі бар. Бірақ бұл алаң да сертификациядан өтпей қалуы ықтимал. Өйткені, талап бойынша стадионның кем дегенде 1500 көрермендік трибунасы болуы тиіс. Ал мұнда 1500 емес, 150 адамға да орын жоқ. Мичурино елді мекеніндегі алаңда көрермендерге арналған трибуна жоқ. Сонымен, қайткен күнде де бұл мәселе ертерек шешімін табуы тиіс», - деп түйді федерация тілшісі.