Жаңалықтар

Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

istockphoto.com

Жасөспірімнің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері, яғни ұсақ бұзақылық байқалды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мұғалім полицияға хабарласып, оқушылардың бірі облыс мектептерінің бірінде  балағат сөздер айтқанын хабарлаған. 

– Тексеру жүргізілгеннен кейін полиция кәмелетке толмаған баланың ата-анасын жауапқа тартты. Материал қарау үшін сотқа жіберілді, – деді департаментте.

Сондай-ақ қала тұрғыны полицияға хабарласып, көршісі үйдің кіреберісінде балағат сөздер айтқанын хабарлаған. Енді бұзақының мінез-құлқы сотта қаралады.