Мемлекет басшысы Ақордада Гвинея-Бисау президентін қарсы алды

18 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
Akorda
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда