Төреғали Төреәлінің күйеу баласы жүкті әйеліне бейәдеп сөз айтты (ВИДЕО)
Танымал әншінің күйеу баласы әйелінің жүкті екенін естіп, дөрекі реакция білдірді.
Төреғали Төреәлінің күйеу баласы әйеліне қатысты орынсыз сөздер айтқан, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның ауыр сөздері әйелінің stories-інде жарияланды. Видеода Дина Төреәлі екінші рет жүкті екенін айтып, қуанышты жаңалығын бөліскен. Алайда күйеуінің реакциясы күтпеген жерден дөрекі болды, ол бейідеп сөздер айтып, көпшіліктің назарын өзіне аударып алды.
Оқиға интернетте қызу талқыланып, желі қолданушыларының пікірлері екіге бөлінді. Бірі әншінің күйеу баласын орынсыз әрекеті үшін айыптаса, енді бірі оның реакциясына аса мән бермеген.