АҚШ-та 23 жастағы қыздың ДНҚ тесті әжесінің қылмысын ашып берген
АҚШ-та 23 жастағы қыздың ДНҚ-тесті күтпеген салдарға апарып соқты. Оның әжесі 27 жыл бойы жасаған қылмысын жасырып жүрген.
АҚШ-тың Мичиган штаты, Ньюберри қаласында жергілікті гүл дүкенінде жұмыс істеп жүрген 23 жастағы Дженна Герватовски қызық үшін құрбысымен бірге ДНҚ тестін тапсырған. Алайда, бірнеше күн өткен соң күтпеген жерден полициядан қоңырау түскен: Дженнаның ДНҚ-сы 1997 жылғы қылмыс орнындағы айғақтармен сәйкес келген.
Тергеу кезінде оның әжесі 27 жыл бойы іздеуде жүргені анықталды. Ол ауыр қылмысқа, яғни адам өлтіруге қатысы бар деген күдікке ілінген. Енді оның әжесіне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
ДНҚ-тест нәтижесі ұзақ жылдар бойы ашылмай келген қылмыстың ізін тапты. Полицияның айтуынша, бұл оқиға генетикалық зерттеулердің қылмыстарды ашуда маңызды құралға айналғанын тағы да дәлелдейді.