Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеуді аяқтады
Судьяға жеңіл жаза тағайындау үшін пара алған.
Ақтауда қалалық сот төрағасы мен жеке сот орындаушының алаяқтық және пара беруге итермелеу ісі бойынша сот талқысы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Фигуранттарға алаяқтық жасады және сотталған әйелді үкімді жұмсарту үшін 20 млн теңге пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр. Екі күдіктінің ісі де 5 желтоқсанда сотқа берілген.
Судья Бауыржан Шайдуллиннің ұсталғаны туралы ақпарат маусым айында шыққан болатын. Бірнеше күннен кейін оның ақшаны сенімді адамы арқылы алғаны, содан кейін сотталған әйелдің жазасын жеңілдетпек болғаны белгілі болды.