Атырауда 40 млн теңге тұратын вейп тәркіленді
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Полиция 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол вейптерді сақтап, сатумен айналысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу барысында күдіктінің тыйым салынған құрылғыларды курьерлер арқылы жіберіп отырғаны анықталды. Тінту кезінде қаладағы дүкендердің бірінде шамамен 3 мың дана вейп сақталған қойма табылды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тыйым салынған өнімді саудалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.