Жаңалықтар

2017 жылы табиғат апаты көп болады...

ашық дереккөзі

2017 жылы табиғат апаты көп болады...

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым биыл "климаттық тозақ" болады деп ескертті. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) жаһандық жылудың салдарынан биыл "климаттық тозақ" болады деп ескертті, - деп хабарлайды "МИР-24". Жыл сайынғы баяндамада ғалымдар таяу уақытта климаттық өзгерістер апатқа әкеп соғады деп мәлімдеп отыр. Өткен жыл бақылау жүргізілгелі бері тарихта ең жылы болған: ауаның орташа температурасы 2015 жылы орнатылған максимумнан 1,1°C жоғары. Мамандардың айтуынша, дәл осы климаттың өзгеруі 2016 жылы Канададағы өрт, Калифорниядағы толастап жауған жаңбыр, Италиядағы жер сілкінісі сияқты табиғат ауытқушылықтарының себебі болған. Теңіз бетіндегі температура да тарихта ең жылы болған, Арктикадағы теңіз мұзының көлемі кішірейіп, сәйкесінше, теңіз деңгейі көтеріліп келеді. "Мұның үстіне атмосферадағы көмірқышқыл газы әрдайым рекорд жаңартып жатыр, адамзаттың климаттық жүйеге әсері артып келе жатыр", - деді WMO бас хатшысы Петри Таалас. Ал 2017 жылға болжам көңіл көншітпейді: айтуларынша, биыл тек жамандық болады. "2017 жылы ғаламшар бойынша өзге де айтарлықтай өзгеріс байқап отырмыз, бұл өзгерістер біздің климаттық жүйе туралы түсінігімізге сынақ болады. Біз қазір шын мәнінде мүлде бөлек жағдайда тұрмыз", - дейді Дэвид Карлсон. Ғалымдардың айтуынша, осы жүзжылдықтың соңына дейін Еуропада жағалауларда су тасқыны болып, бес миллионнан аса адам баспанасыз қалады. Мұндай тұжырымды Еурокомиссия Біріккен зерттеу орталығының сарапшылары теңіз деңгейінің, толқындардың, дауыл толқындарының көтерілуі сияқты климаттық факторларды зерттей келе жасап отыр.