Алматыда ескі зауыт маңынан әйел адамның мәйіті табылды
Әлеуметтік желіде Алматы маңындағы ауылдардың бірінен әйел адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, марқұм таксимен кеткен, ал таңертең оның мәйіті Қызыл қайрат ауылындағы ескі зауыттың жанынан табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының Полиция департаменті марқұмның 56 жаста екенін, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын-ала дерек бойынша зорлық-зомбылық іздері жоқ», - деді ведомство.