Жаңалықтар

Өзбекстандық боксшы қазақстандық спортшыны тістеп алды: IBA мәлімдеме жасады

фото: olimpic.kz

Қазақстан тарапынан түскен наразылықтан кейін жеңіс Жүсіповке берілді

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бірінші вице-президенті Владимир Продивус Азия чемпионаты-2024-тің дау туғызған финалы туралы пікір білдірді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевтың ережеге қарсы әрекетінен кейін «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл жағдай өкінішті оқиға болды. Рефери мұны сол жерде неге байқамады? Бұл – төрешінің кәсібилігіне қатысты сұрақ. Дегенмен аппеляция жүйесі дұрыс жұмыс істеді және шағым түскеннен кейін Асадуллаевтың дисквалификациясы туралы дұрыс шешім қабылданды. Бұл тағы да бокстағы әділдікті сақтау маңыздылығын көрсетеді», – деді Продивус. 

Айта кетейік, бастапқыда төрешілер шешімі өзбекстандық боксшының пайдасына болған еді. Алайда Қазақстан тарапынан түскен наразылықтан кейін жеңіс Жүсіповке берілді.