Ақтөбе облысында балыққа барған екі жігіт жоғалып кетті
Олар балық аулауға 14 желтоқсанда кетіп, байланысқа шықпаған.
Ақтөбе облысында 14 желтоқсанда екі азамат балық аулауға кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Күйеуім әріптесімен бірге сенбі күні, 14 желтоқсанда таңғы төртте балық аулауға кетті. Олар Шұбарқұдық арқылы Ойылға кеткен. Кешкісін оралуы керек болған. Бірақ қайтып келмеді. Байланыс үзілді. Екеуі де ішімдік ішпейді, шекпейді. Мен Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, полицияға арыз жаздым», - дейді жоғалып кеткен бір азаматтың келіншегі Наталья.