Ақылбек Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі қызметінен кетті
Ол Үкімет басшылығына 2021 жылдың 13 қазанында келген болатын.
Қырғызстанның премьер-министрі Ақылбек Жапаров 16 желтоқсанда ресми түрде қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өз еркімен лауазымынан босату туралы өтініш берген.
Еске салайық, Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетіндегі жұмысын 2021 жылдың 1 маусымында бастаған болатын. Ол кезде ол Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Экономика және қаржы министрі еді. 2021 жылдың 13 қазанында Министрлер кабинетінің төрағасы әрі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.