Астанада полицейлер ер адамды өлім аузынан құтқарып қалды
Полиция департаменті тұрғындарды алғашқы көмек көрсетуге дайын болуға шақырады
Оқиға патрульдеу кезінде болған. Полицейлер ғимараттан шығып келе жатқан ер адамның кенеттен есік алдында құлап қалғанын байқайды. Жақындаған кезде оның тырысып, тыныс ала алмай жатқанын анықтайды.
«Бір сәтке де кідірместен, полицейлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олар оның тынысын қалпына келтіруге тырысып, жағдайын тұрақтандырды. Сонымен қатар, жақын маңдағы тұрғындар жедел жәрдем шақырды. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Ер адам кейін медицина қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы тұрақты. Полиция департаменті тұрғындарды осындай жағдайларда дереу жедел жәрдем шақыруға және алғашқы көмек көрсетуге дайын болуға шақырады.