Танымал актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев Тәуелсіздік күніне орай байқау жариялады.
Ол Instagram желісінде қобызда "Тақ ойыны" әуенін ойнаған музыканттың видеосын жариялады.
"Өз парақшаларыңызда #Qazalemi хэштегімен туған жеріңіздің қысқы көрінісі бейнеленген әдемі, керемет жерлерімен сурет, видео жариялаңыздар. Ең үздік үш креативті сурет, видеоға мерекелік сыйлық беріледі", - деп жазған актер.
Нұрлан Қоянбаев сыйлық ретінде жаңа смартфондар мен шипажайға жолдама берілетінін де айтты.