16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең ауа райы қандай болады?
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың батысында екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын.
Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады.
Атырау облысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ.
Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, түнде 25 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с болады.