Танымал брендтің негізін қалаушы қайтыс болды
Ол Кольбато муниципалитетіндегі шатқалда 150 метр биіктіктен құлап, мерт болған
Mango компаниясының негізін қалаушы Исак Андик қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл туралы компания мәлімдеді.
71 жастағы кәсіпкер Кольбато муниципалитетіндегі шатқалда 150 метр биіктіктен құлап, мерт болған. Ол отбасы мүшелерімен бірге демалыста жүрген.
Осы сенбіде болған оқыс оқиға салдарынан Mango компаниясының негізін қалаушы Исак Андиктің күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.