Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

15 желтоқсан, 2024 / Алуа Арман
Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ

15 желтоқсанда Астана уақытымен 01:42-де ҚР ТЖМ “ННЦСНИ” ЖШС сейсмикалық станциялары желісі жер сілкінісін тіркеді.

“Эпицентр Алматыдан 712 шақырым оңтүстік-батыста, Тәжікстан аумағында орналасқан”, – делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, эпицентрдің координаттары 38,083 градус солтүстік ендік пен 71,849 градус шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 180 шақырым тереңдікте болған.

Қазақстан аумағында сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

Тэгтер:

Алматы Жер сілкінісі